09.04.2018, 03:23

Ата-анасыз қалған сәбиді дәрігер аяусыз сабап тастады (ВИДЕО)

Новосібір қаласында ауруханалардың бірінде медбике тастанды сәбилердің бірін аяусыз ұрып тастаған. Бұл сәтті келушілердің бірі видеокамераға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге таратты.

Медбике балалардың бірін тексеруге келіп, көрші кереуетте жатқан сәбиге тап береді. Медқызметкердің оны шапалақпен сабалап ұрып жатқанының дауысы да анық естіледі. Видео авторының айтуынша, кішкентай қыз небәрі 8 айлық екен. Ол видеоны аурухана басшыларына апарып көрсеткенде, олар әйелдің өзіне тап беріпті.

"Видеоны менің келінім түсірген. Ол бейнематериалды дереу аурухана басшыларына апарып көрсетіпті. Дәрігерлер болса "видеоны бір жерге жарияласаң сотқа береміз, кішкентай баланы түсіруге болмайды" деп өзіне бас салған", - дейді видеоны әлеуметтік желіге жүктеген Ресей тұрғыны.

Қазіргі таңда бұл іспен Новосібір қаласындағы Тергеу комитеті айналысып жатыр. Олар видеоны тексеріп, ондағы медперсоналдың кім екенін анықтауда.