Анасының бетінен бір емес екі рет шапалақпен тартып қалған жігіттің видеосы жұртты әбден шошытты. Көпшілік шешесіне қол көтерген ер адамды қарғап, ауыр сөздер жазған.
Бейнебақылау камерасына жазылып қалған видеоны Zhambylnews порталы жариялаған. Онда ер адам стөл басында отырған әйелді шапалақпен екі рет салып қалады. Егде тартқан әйел алақанымен бетіп ұстап, абдырап қалады.
Оқиғаның қайда болғаны белгісіз. Тек көпшілік әйелді жігіттің анасы деп болжап отыр.
«Анаңа істегенің алдыңа келсін. Құдай жазаңды береді», «Ақ сүтін ақтамақ түгілі қол көтеріп отырсың. Осыдан кейін адам боламын деп ойлайсың ба?», «Құдай сақтасын бұндай қайырымсыз баладан», – деп пікір қалдырған көпшілік.