$ 441.66  475.14  4.86

«Теміртау АрселорМиттал» кәсіпорнында тағы бір кенші қайтыс болды

«АрселорМитталТеміртау» кәсіпорнының қызметкері жұмыс кезінде абайсызда қайтыс болды. Қайғылы оқиға тоғызыншы сәуірде болған. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

«Абайсызда орын алған қайғылы оқиға дүйсенбіде, 9 сәуірде МНЛЗ-2- нің конверторлық цехында болды. Компанияның 1973 жылы туылған қызметкері қайтыс болды», – деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.

Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Кәсіпорын ұжымы марқұмның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтуда.

Айта кетейік, бұған дейін «АрселорМитталТеміртау» кәсіпорнының бірінде бірнеше тақтай құлаған болатын.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары