Ертіс өзенінде 11-16 сәуір күндері сең жүре бастайды деп жазады pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық ТЖД-нің мәліметінше, жағдай жергілікті құтқарушылардың жіті бақылауында. «Әр сағат сайын мұздың деңгейіне мониторинг жасалады. Бүгінгі таңда оның қалыңдығы кей жерлерде жарты метр болса, кей тұстарда 400 сантиметрді құрайды,- дейді мамандар. Синоптиктердің болжамынша, 11-16 сәуір күндері мұз қозғала бастайды. Айта кетейік, Павлодарда «Затон» аумағында мұз қалыңдығы 482 сантиметрге жетсе, Ертіс ауданында небәрі 208 сантиметрді құраған. Дегенмен, әр аумақтың өзіндік шекті деңгейі болады. Мәселен, «Затон» аумағында су деңгейі 800 сантиметрге жеткенде қауіпсіздіктің қызыл деңгейі жарияланады. Орта есеппен алғанда, күн сайын су деңгейі 10 сантиметрге көтеріледі.