10.04.2018, 05:17

ОҚО Сарыағаш ауданында болған атыстан жараланған жігіт қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында болған атыстан жараланған жігіттердің бірі қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz ҚР ІІМ-нің ресми өкіліне сілтеме жасап.

"Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жергілікті тұрғын жеке басының араздығынан көрші ауылдың тұрғынын белгісіз суық қарумен атып жаралаған, қазір ол ауруханада көз жұмды", - деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Оның айтуынша, жергілікті полицейлер шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктінің кім екенін анықтаған. Қазіргі таңда оны ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.