ОҚО Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында болған атыстан бір адамның қаза тапқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Дәрігерлердің айтуынша, жараланған екінші адамның жағдайы қазір бірқалыпты деп жазады Today.kz.
"Ол 1996 жылғы, аурухананың жарақат бөліміне бас-сүйегінің жабық жарақатымен келіп түскен, миы шайқалған, бытыра тиген. Науқастың жағдайы бірқалыпты, ол палатада ем қабылдап жатыр", - дейді ОҚО Денсаулық басқармасының өкілдері.
Еске салайық, 9 сәуір күні Абай ауылында жас жігіттердің арасында атыс болған еді. Жараланған екі адамның бірі ауруханада көз жұмды.