10.04.2018, 12:15

ОҚО ІІД Сарыағаштағы атыстан кейін адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтты

ОҚО Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында болған атыстан бір адамның қаза тапқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Аталған жайтқа қатысты ОҚО ІІД мәлімдеме жасады.

Оқиға 9 сәуір күні болған. Бірнеше адамның атысынан кейін жараланған екі адамды жедел жәрдем алып кетіп, ауруханаға алып барыпты. Алайда, олардың бірі дәрігерлердің қарауына жетпей қайтыс болыпты.

"09.04.2018 жылы Сарыағаш АІІБ-ның кезекші бөліміне Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан атыс қаруынан жараланған белгісіз азаматтың мәйіті жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Жәбірленуші Сарыағаш ауданының 1991 жылғы тұрғыны екені анықталды. Адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу барысында жарияланбайды", - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, жараланған екінші жігіт қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер.