Қазір бәрі мәшһүр болудың түрлі жолдарын ойлап тауып жатыр. Бірі «хайп» деп аузына келгенін аталаса, ендігісі жалаңаш мүсіндерін желіге жүктеп әлек. Осылайша, жеңіл жолмен танымалдығын арттырамын деді ме екен, әлде салауатты өмір салтын ұстанатынын көрсетіп мақтанығысы келді ме отандық әнші Динара Шарапова да спорт залындағы суретімен елді бір шулатып алды.
Шарапова стриптизерларша темірге оратылып, жартылай жалаңаш суретке түскен. Желіге жүктеген бұл фотосына әнші «жалғасын күтіңіздер» деп жазып қойыпты.
Көпшілік әдеттегей, қыздың бұл қылығын құп көрмей, шуласып жатыр. Араларында «Басы осындай, жалғасы одан да сорақы шығар» деп әншіні қағытқандары да болды.