11.04.2018, 06:38

Қыз болмай келдің: Жүкті боп тұрмысқа шыққан келіншек жас қыздарға кеңес берді

24 жастағы келіншек осыдан 5 жыл бұрын тұрмысқа жүкті болып шыққанын айтты. Содан бері енесін өзіне жақын қабылдай алмапты. Өйткені, үлкен кісіден естіген сөзі әлі күнге дейін көңілінде қалып кеткен екен. Өз қателігін қайталамасын деген ниетте келіншек өзге жас қыздарға кеңес берді.

«Менің жасым – 24-те. Тұрмысқа шыққаныма 5 жыл болды. Мен өз басымнан өткенді айтайын. Күйеуге жүкті болып шыққанмын. Отбасылық өмірімнің алғашқы күндерінде өзім күйеуіммен реніжісіп, қиналғанымда енем ауыр сөз айтты. Сол сөзі әлі көңілімнен кетпейді. Маған «Сен ар-намыс туралы айтпай-ақ қой. Өзіңнің кө...ің ашылып келген» деп көзімді шұқып тұрып айтты. Содан кейін енемді жақын тарта алмаймын. Бірақ енемнің бетіне қарап сөйлеген емеспін бүгінге дейін.

Қыз өсіріп отыр ғой. Оның да басына менің жағдайым келмесіне қандай кепілдік бар? Әлпештеп өсірген қызы басқа біреуден жүкті болып қалса, менің бетімен қалай қарайды екен?

Қыздар, сендерге айтарым, ешқашан жүкті болып күйеуге тимеңдер. Келін бәрібір бөтен адам болады. Қызындай көрмейді. Менің қателігімді қайталамаңдар», – деп сөзін аяқтады автор instagram-парақшасындағы топтардың бірінде.