12.04.2018, 16:47

Жүкті әйел отырып ән салғаны үшін көрерменнің қолынан қаза тапты

Пәкістанда 24 жастағы әйел отырып ән салғаны үшін қаза тапты. Оны залда отырған көрермендердің бірі атып тастаған деп жазады life.ru.

Әнші іс-шарада жүктілігінің 6-айында болғандықтан отырып ән салуға ұйымдастырушылардан рұқсат алған. Алайда оның бұл қылығы тыңдармандарға ұнамай, олар келіншекке тік тұрып ән шырқауын талап еткен. Осы сәтте наразы топтың арасында біреуі әйелді тапаншамен атып жіберген.

Жүкті келіншекті жедел жәрдем дереу алып кеткенімен дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

Полиция Тарика Ахмед Джата есімді күдіктіні қамауға алды. Марқұмның күйеуі қылмыскерге 2 адамды өлтіргені үшін қатаң жаза тағайындауын сұрап отыр.