$ 494.87  520.65  4.91

Ақшадан тарыққан алматылық келіншек баласын шетелдікке сатпақ болған

Ресейде бауыр еті баласын сатпақ болған 33 жастағы қазақстандық келіншек тұтқындалды. Алматылық Юлия Щеглова Мәскеуге барып, сәбиін 20 мың АҚШ долларына саудалаған деп айыпталуда. Тергеу ақпаратынша, баласынан безген ана әлеуметтік желі арқылы 9 айлық ұлына жаңа ата-ана іздеп, ақысына ақша талап еткен екен деп мәлімдейді КТК телеарнасы. 

Бұл жедел түсірілімде  алматылық Юлия Щеглованың Мәскеуде бауыр еті баласын саудалап жатқан сәті бейнеленген. Банктен ақша алуға барған кезі де таспаға басылған. Ештеңден бейхабар 9 айлық сәбиін саудалаған ол, бұл ойын өткен жылдың желтоқсан айынан бастап іске асыруға кіріскен. Әлеуметтік желі арқылы хабарлама таратып, ақысына 20 мың АҚШ долларын сұрайды. Тіпті, 5-ші сәуірде Мәскеуге келіп, келісім бойынша баланы өзгенің қолына беруге бел байлапты. Ал, Юлияның анасы барлық жағдайды болар іс болғаннан соң естігенін айтады.

«Екінші сәуірде үйде болған. Бірақ, үйге келсек әлденеге асыққаны байқалады. Теледидар қосулы қалған. Тамағы ішілмеген.  Оның қашан Ресейге кеткенін, не үшін мұндай қадамға барғанын білмеймін. О жақтан хабар жеткенде, талып қала жаздадым», –   Юлия Щеглованың анасы Любовь Зайцева.

Юлия Щеглова Мәскеуге осы үйден аттанып кеткен. Ешкімге ешқандай хабар қалдырмапты. Ал, өзі жүктіліктің 3 айлық кезеңінде күйеуімен ажырасқан екен. Оған әр кез қолдау білдіріп, қолтығынан  демегендер  Юлия босанған соң қатты күйзеліске ұшырағанын айтады. Бірақ, мейірімді жандар үнемі көмек көрсететін, неліктен мұндай қадамға барғынын түсінбейміз дейді.  

«Естігенде есеңгіреп, түнімен ұйықтамай шықтым. Бәріміз бір бірімізге хабарласып, болған жайттың ақиқаттығына көз жеткіздік. Біз оған сеніп, үміт артқан едік. Ұлына қажетті дәрі-дәрмек, киім-кешек болсын, барлығын оған тапсырғанбыз. Шындығында ештеңге мұқтаж емес болатын.    Ал, баласын саудалаған безбүйрек келіншектің бұрынғы күйеуі қазір Мәскеуге аттаныпты. Одан жауап алынып, жәбірленуше ретінде танылған. Ал, тергеу өкілдері барлық құжаттармен танысқан соң, баланы әкесінің қолына берген», – Алматы қаласының тұрғыны Анита Гурман.

Баласын сату мақсатында, Ресей асқан 33 жастағы Юлия Щеглованың әрекетін қаржылық қиыншылықтан деп болжағандар бар. Бірақ, Алматыда аңырап қалған анасы, бізге басындағы ахуалды айтқанда қызымызды кез келген қиындықтан құтқаратын едік дейді. Қазір Қазақстандық азаматшаға адам саудалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қолына кіскен салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары