14.04.2018, 13:25

Ақтөбе облысында ер адам әйелінің 14 жастағы сіңлісін зорлап тастаған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 31 жастағы ер адам 14 жастағы балдызын зорлаған деп жазады Ақтөбе таймс. 

Жәбірленушінің анасының сөзінше күйеу бала қызды 14 жасында бір емес, бірнеше рет зорлаған. Ер адам балдызына бұл туралы ешкімге тіс жармауын талап етіп, «әйтпесе өлесің» деп қорқытқан.

Қылмыскер Ақтөбе облысының ауданаралық мамандандырылған сотының шешімімен 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен педофилдің туыстарына моральдік шығын ретінде 1 миллион, материалдық шығын ретінде 150 теңге өтеу міндеттелді.