$ 498.34  519.72  4.85

Оралмандар қамалып жатыр десе үн шығармайды: Айгүл Орынбек ащы шындықты айтты

Танымал блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек Қытайда қамалып жатқан қазақтар жайлы сөз қозғады. Жазықсыз түрмеде қандастарымыз істі боп жатыр деген ол кейбір жігіттерге сын айтып, намысты оятар сөздер жазды.

«Біздің кейбір жігіттер шешінген қыздарға ғана əлі келеді. Біздің кейбір жігіттердің түнгі клубты жаптыруға ғана күші жетеді! Біздің кейбір жігіттердің:  «ананы жазбайсың ба, мынаны бүйтіп жазбайсың ба?», - деп қазақ қыздарын айдақтауға ғана əлі жетеді! Ал нағыз үн қататын кезде, көрге тығылған көр тышқандар сияқты қыздарды алға жіберіп қойып қарап жатады. Сен неге жазбайсың деп!

Біздің кейбір сақалды жігіттеріміз жер сатылады дегенде бұғып жатады.

Біздің кейбір батыр жігіттеріміз Бекболатпен суретке түскен оралмандар қамалып жатыр десе үн шығармайды. Біздің кейбір ұлтжанды жігіттер ұлттық қордағы 22 миллиард қайда кеткенін сұрамайды! Оның бəрін мен сұрауым керек екен! Сонда сендер не үшін шалбар киіп жүрсіңдер? Əлдерің тек қыздарға жетеді ме?», – деді Айгүл Орынбек өзінің Facebook-парақшасындағы жазабсында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары