$ 439.43  473.31  4.82

Алматыда 200 адамды кене шағып алған

Алматыда көктем келіп, күн жылынғалы бері 230 адамды кене шаққан. Оның 141-і бала. Қазір қалада кенеге қарсы зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Дезинфекциялық орталық мамандары шаһардағы саябақтардың барлығына зиянкестерге қарсы дәрі себеді деп мәлімдеді Хабар-24.

Мамандар табиғатқа демалысқа шыққанда денені толық жауып тұратын, ашық түсті киім киюге кеңес береді. Зиянкестерді үркітетін репелленттерді қолданған да артық болмайды. Ал кене шаққан жағдайда үш күннен кешікпей дәрігерге барған жөн. Жалпы мәліметке жүгінсек, былтыр Алматының медициналық мекемелеріне кене шаққан 2448 адам қаралған. Оның мыңнан астамы балалар.

Алмаш Ахметова, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Барлығына кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жасалған. Ол иммуноглобулин алғандардың ішінде кене энцефалитімен ауырған адамдар тіркелген жоқ. Өлім-жітім тіркелген жоқ. Былтыр 6 адам кене энцефалитімен ауырды. Олар дер кезінде медициналық ұйымға қаралмаған.

Дезинфекцияшылар «күн ашық тұрса қаладағы саябақтарды тез-ақ бітіреміз» дейді. Одан кейін адам көп баратын Алмаарасан, Медеу, Қарғалы шатқалдары мен Көктөбеде профилактикалық шаралар басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары