Адамдардың қандай екенін иісінен танимын. Осылай деген Мақпал Исабекова өзінің иіс сезу қабілетінің өте жоғары екенін айтты. Ал тыңдармандары болса, әнішінің бұндай қасиетіне таң қалып жатыр.
«Мен өте сезімтал адаммын. Иіссуді да ұната қоюым қиын. Егер парфюм ұнамаса, қайта-қайта түшкіріп, мазасызданамын.
Табиғи иіс сезгіш қасиетім адамдарға да қатысты. Өз адамымды иісінен бірден танимын. Әрине мен емес, ағзам десем дұрыс болар. Бірақ сырт көзге бұл қасиетім ерсілеу көрінетін шығар. Десе де шындық осы.
Жаныма жақын адамдарды иіскегенді ұнатамын. Сізде осындай оғаш қылық бар ма? Сіз үшін адам терісінің иісі қаншалықты маңызды? Әрине иіссуларсыз, табиғилықты айтып отырмын», – деп сауал тастады әнші.