17.04.2018, 04:53

Ернінен анасы сүйсе бір жөн: Ұлына аузымен тамақ берген Қайрат Нұртасты жұрт жақтырмай қалды (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас жақында ғана анасы мен әйелінің туған күнін өткізді. Мерекелік кеште әйелінің жұмсағанына жүгіріп кетіп, қарпайымдылығымен халықты біраз тәнті еткен әнші бұл жолы кенжесіне аузымен тамақ беремін деп ұрыс естіп қалды.

Видеода Қайрат Нұртас сүт кенжесінің аузына бір нәрсе салып жатады. Бірақ онысы тамақ па сағыз ба анық аңғарылмайды. Бұны көрген жұрт «Ауызда түрлі бактериялар болады», «Ернінен сүйгені несі? Анасы сүйсе бір жөн», – деп әншіге ұрысып тастады.