$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда 5-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

Алматыдағы №118 мектепте 5-сыныптың оқушысы дене шынықтыру сабағы кезінде кенет қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz. Бұл туралы қалалық білім басқармасының мамандары мәлімдеп отыр.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, 13 жастағы Алексей Халилов 16 ақпан күні денсаулығына байланысты дене шынықтыру пәніне қатыспаған.

"Ол спортзалға кіреберіс жердегі холлда сабақтан босатылған оқушылар отыратын жерде отырған. Аяқасты ол өзін нашар сезініп, сол жерде оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілген және жедел жәрдем шақырылған", - делінген Білім басқармасы таратқан ақпаратта.

Мамандардың айтуынша, Алексей аталған мектепте 1-сыныптан бері оқып келеді екен. Осы уақыт аралығында ол бірнеше рет есінен таңып қалған.

"Сынып жетекшісі ата-анасына баланың денсаулығына дұрыстап қарауды және толықтай тексеруден өткізу керектігін айтқан екен. Әжесі тексеруден өтіп жүрміз деп жауап берген. Атасы А.Р.Нартовтың айтуынша, Алексейдің қан айналымында ақау болыпты. Ол 2014 жылдан бері осылайша талып қала беретін аурумен ауырған. Соңғы рет ол 2017 жылдың желтоқсан айында мектепте талып қалыпты", - делінген аталған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары