$ 494.87  520.65  4.91

Өзіңе қарап алшы: Қыз тәрбиесі жайлы әңгіме айтқан Дәурен Айдарқұлов ұятқа қалды

Өзі үш рет отбасын құрып, бала таптырып жүрген Дәурен Айдарқұлов қыз тәрбиесі жайлы әңгіме айтып, жұрттан сөз естіп қалды.

«Ұлға қарағанда қыз баласы анасы мен әкесінің арасындағы жылы қарым-қатынасты тез байқап, сезінеді. Ең басты тәрбие де осында жатыр. Қызыңызға жақсы тәрбие бергіңіз келе ме? Ендеше, оның анасын сыйлауға тиіссіз», – деп жазды актер.

Ал көпшілік оған айдай сұлу Ақботасын есіне салды.

«Жақсы әке болсаң, өз отбасыңды тастап кетер ме едің?», «Ақботаны баласымен тастап кеттің ғой. Сен ақыл айтпашы. Өзіңе қарап алшы алдымен», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов «Гламур для дур» фильмінен кейін Ақбота Сейтмағамбетпен көңіл жарастырып, той өткізбесе де мешітте некелерін қидырған. Кейін қос ғашық түсінісе алмай, ажырасып кетті. Қазір екеуінің ортақ некелерінен 1 жасар ұл бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары