$ 498.34  519.72  4.85

Жамбылдық шенеунік 160 млн теңге субсидияны өз туыстарына бөліп берген

Шу аудандық әкімдігіне қарасты ауыл шаруашылығы бөлісінің басшысы жанар-жағар майға 160 миллион теңгелік субсидияны заңсыз бөлген. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мәлімдеді.

Ауданда ең ірі мөлшердегі субсидиялар 2014-2016 жылдар аралығында «Бектібай», «Бектібай-1», «Самат» және «Еркін» шаруа қожалықтарына берілген. Тексерулер кезінде субсидияларды бөлім басшысы С.Сейдахметовтің жақын туыстары: ағасы, жеңгесі, әйелі және баласы алғаны анықталды.

Қазір бөлім басшысы қызметінен босатылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары