«Қыз мұраты – кету» деген. Астаналық 23 жастағы бойжеткен өзіне жігіт іздейтінін айтып жар салды. Бірақ қыздың таңдауы неге екені белгісіз, гейлерге түсіпті деп жазады NUR.KZ.
«Жасым – 23-те. Ақылды әрі тартымды қызбын. Қолымда шетелдің ЖОО дипломы бар. Астана қаласынан қызтеке жігіт іздеймін. Оған тұрмысқа шығуға әзірмін. Тіпті, бала да туып беремін. Сондай-ақ бөлек жатамын десе де өз еркі. Оның өміріне араласпаймын», – деп жазды бойжеткен.
Астана тұрғыны «қашан келін әкелесің» деп мезі еткен туыстарынан қызтекелерді құтқарғысы келетіндіктен осындай қадамға барғанын айтады.
Ал көпшілік қыздың бұндай шешімге келгеніне аң-таң болды да қалды.