$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Шығыс Қазақстан облысында 2000 жылы туған Әйгерім Әміренова жоғалып кетті деп жазады Аltaynews.kz.

Зайсан ауданының тумасы Д.Қалматаев атындағы медициналық колледждің 1 курсында оқиды екен.

16 сәуір күні сағат таңғы 08:00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Әйгерімді соңғы рет көрген адам оны Шоқан Уәлиханов көшесінің бойындағы кофехананың алдында жолықтырған. Сондай-ақ, сол күні полиция қызметкерлері оның телефоны арқылы көпірдің тұсында болғанын анықтады. Содан бері телефоны өшірулі.

Көк түсті жейде (толстовка), қара түсті жұқа күртеше және қара түсті джинсы шалбар киген, аяғында қара кеды болған. Шашы ұзын, қара торы, көзі жасыл түсті.

Ерекше белгілері: оң жақ бетінде мең бар және сәл бүкірейіп, еңкіш тартып жүреді.

«Әйгерім – үйдің еркесі, анасының жалғызы, — дейді қыздың ағасы Еркебұлан Бақытбеков. – Ол туралы қандай да ақпарат болса, бізге хабар беріңіздерші».

Әйгерім Әміренованы көргендер болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабар берулеріңізді сұраймыз:

8 702 141 22 50 (Еркебұлан)

87715409585 (Назгүл)

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары