Қарағандыда екі баланың өліміне қатысы бар деп айыпталған анестезиолог дәрігер тісін емдетуге келген сәбиге пайдалануға болмайтын препарат қолданған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің өкілдері айтты деп хабарлады astanatv.kz.
"Анестезиолог тарапынан анестезиологиялық жәрдем беру үшін бірнеше препарат заңсыз қолданылған. Оларда емшектегі жастағы балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері бар, яғни "Брюзепам" 3 жасқа толмаған балаларға қолдануға қарсы көрсетілген. "Профолды" 16 жасқа дейін қолдануға болмайды", — дейді Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бас маманы Салтанат Жақсыбаева.
Қазір дәрігер Марина Наумованың препараттарды неліктен әкелгені тексеріліп жатыр. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті әйелдің науқастарға анестезия жасауға рұқсат сертификатын қайтарып алды.
Еске салсақ, осыдан екі ай бұрын тіс емханасына келген 2 жасар ресейлік Семен Арзамасцев көз жұмған. 2 жыл бұрын басқа емханада Наумова емдеген 13 жасар қыз баланың да дәл осылай қаза тапқаны да анықталды. Анестезиологқа қатысты ҚК-тің 317-нші, яғни "медицина немесе фармацевтика жұмыскерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бабымен қылмыстық іс қозғалды.