Франицяда ер адамның қолын алмағаны үшін мұсылман әйелге азаматтық берілмейді деп хабарлайды The Local.
Француз азаматына тұрмысқа шыққан алжирлік әйел азаматтық алу үшін құжат тапсырған екен. Бірақ салтанатты шара кезінде өзінің діни көзқарасын алға тартып, шенеуніктің берген қолын алмай қойған. Бұған сескене қараған шенеунік «Франция қоғамына қалыптаса алмайды» деп, әйелдің құжатын рәсімдеуді тоқтатқан. Негізі бұл оқиға 2016 жылы болған. Бірақ әйелдің күйеуі құжатты қайтадан қарауға өтініш тастапты. Десе де, осы жылдың сәуір айында жоғарыдағылар бұл істі қараудан тағы бас тартқан. Шенеуніктер бұл жағдайды «Маңызды әрі жауапты шарада өзінің осы қоғамға ықпалдылығын көрсете алмады» деп түсіндіреді. Өйткені сол мемлекеттің азаматтығына үміткер біріншіден елдің құндылықтарына деген сыйластығын көрсете білуі керек.