$ 494.87  520.65  4.91

Астанада жеке үйде жарылыс болды – тұрғындар

Астанада жеке үйден өрт шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Айнакөл көшесі бойында орналасқан жеке үйде шамамен сағат 02.10-да өрт болған. Өртсөндірушілер 10 минуттан кейін келді. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оларға жарылыс естілген.

Өрт туралы ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіндегілер растады. 

ТЖК мәліметі бойынша, екі қабатты коттедждің аумағында гараж бен ағаштан тұрғызылған монша өртенген. Өрттің аумағы 80 шаршы метр. Өрт 02.41-де ауыздықталып, 02.48-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге астаналық Өрт сөндіру қызметінің 15 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

"Әр азаматтың өрт қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелері мәселесіне мұқият назар аударуын сұраймыз - бұл "өрт" атты бақытсыздыққа сіз бен сіздің жақындарыңыздың ұшырамайтынына кепілдік. Өрт қауіпсіздік ережелерін Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің сайтынан табуға болады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары