$ 439.43  473.31  4.82

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы аударылды: қаза тапқандар бар

Жамбыл облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметі.

Полициядағылардың хабарлауынша, 21 сәуірде шамамен сағат 07.40-та "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының 205-шақырымында, Жамбыл облысы Қордай ауданы Соған ауылының маңында Mersedec Sprinter маркалы шағын автобусы аударылып қалды.

"Шағын автобустың салонында 17 жолаушы мен жүргізуші болған. Жол апатының салдарынан 2 адам қаза тапты, қалғандары ауруханаға жеткізілді", - деді ІІД мамандары.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары