Қай бір жылдары «көп әйел алуды заңдастыру керек» деп депутаттар сауал қойғыш боп кеткен еді. Неге екені белгісіз, соңғы кездері олар бұл тақырыпта жақ ашпайтын боп алыпты.
Десе де, әлеуметтік желіге желігін баса алмай жүргендер ара-тұра бой көрсетіп жүр. Олар Пайғамдарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) секілді жесірлерді жар етуді емес, 12 де 1 гүлі ашылмаған аруды алуды армандап жүр. «Тоқал іздеймін. Жасы – 18-23 аралығында болуы тиіс. Ұзын бойлы. Түрі әдемі. Қыздық арын сақтаған. Зиянды әрекеттерден аулақ жүретін», – деп жазыпты желі қолданушысы Facebook-парақшасындағы «Жұрт не демейді» тобына.Айта кетейік, Қазақстанда бір адамның бір уақытта бірнеше некеге отыруына тыйым салынған.