Әнші Жазира Байырбекова «ажырасып кеттіңіздер ме?» деп жиі сұрақ қоятын тыңдармандарына жауап берді. 22 жыл отасқан отағасымен әлі күнге 1 шаңырақ астында тұрып жатқанын айтып, алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды.
«Аллам сақтасын! «Сіздер ажырасып жатыр екенсіздер. Неге?» деген сұрақтар көбейіп кетті.Үйленгенімізге 22 жыл болды. Ондай ой ешқашан басымызға келген емес. Қайдан шығады осындай әңгімелер», – деп жазды әнші Instagram-парақшасына.
Айта кетейік, Жазира мен Жанболаттың Қазыбек есімді 20 жастан асқан ұлдары бар.