$ 494.87  520.65  4.91

Мастықпен боп қойдым: 19 жастағы келіншек өзегіндегі өкінішімен бөлісті

19 жастағы келіншек мастықпен бір жігіттің қойнына кіріп, орны толмас күнә жасағанын айтып, мұңын шақты. Бойымда 6 айлық балам бар деген ол өзі жасаған қателікті өзгелер қайталамаса дейді.  

«Мен өз өмірімді жазғалы отырмын. Жасым – 19-да. Мен жасаған істі ешқашан жасамаңдар. Осыдан 7 ай бұрын бір жігітпен танысып, мастықпен болып қойдым. Бұрынғы жігітімді ойлап, мас боп қалдым. Ол жігіт менің пәктігімді алған. Үйленуімізге 3 күн қалғанда ол жол апатына ұшырап қайтыс болды. Сөйтіп, күйзеліп жүргенде басқа жігітпен жатып қойып, одан аяғым ауырлап қалды. Ол бала маған бірден айтты «сені алмаймын» деп.

Оңтүстікте қыздыққа қатты қарайды екен. Анама болған жағдайдың бәрін айттым. Ол жігітті үйге шақыртып, менімен үйлендіретін қылып шешті.

Отбасылы болғанда да ол мені жақтырмай жүрді. Тек түнде ғана қасыма келіп, қызығымды көреді де ұйықтап қалады. Тіпті ауруханаға да астындағы көлігімен апармайды. Сөйтіп, мен кетіп қалдым солтүстіктегі төркініме. Қазір 6 айлық балам бар. Жазып отырған себебім, қыздар менің қателігімді қайталамаса екен», – деп ағынан жарылды автор.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары