$ 494.87  520.65  4.91

Абайдың портреті бірнеше жылдан бері Шымкентте жерде жатыр

Абай Құнанбайұлының суреті Шымкент жерде жатыр деп жазады Замана.

Кезінде «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінде фототілші болып еңбек еткен әріптесіміз Әбдуәлі Розметов бізбен хабарласып, өзін толғандырған мәселелер жөнінде ой бөлісіп тұрады. Бойына кеңестік тәрбие сіңген Әбекең – өмірде, қоғамда болып жатқан құбылыстарға жіті қарайтын азамат. Көңілге жылылық ұялататын жайлар, сондай-ақ кейбір келеңсіз нәрселер де оның назарынан тыс қалмайды.

Кешегі сәрсенбіде А.Розметов жолы түсіп, редакциямызға келді. Құр қол емес, өзінің кәсіпқой әдетімен көшеде назарын аударған бірер келеңсіз көрі­ністерді фотоға түсіре келіпті. Соның бірі – халқымыздың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының майлы бояумен жасалған портреті.

Бүгінде ол қаладағы Ас­қаров көшесінің бас жағында, сондағы көпқабатты үйдің қабырғасына сүйеулі тұр екен.

«Оның осы жерде тұрғанын мен алғаш рет өткен күзде көргенмін, – дейді Әлекең. – Содан бері бірнеше ай өтсе де ол жерде әлі тұр. Оны бұл маңға кімдер қойды, не үшін қойды – белгісіз. Кейінгі кезде бір шетіне шлагбаум орналастырылыпты, екінші жағында асхана пайда болыпты. Сонда осы төңіректе тұратын, жұмыс істейтін, ары-бері өтетін бірде-бір адамның мұны көрмейтін себебі неде? Ол осылай айлап-жылдап тұра бере ме?

Осы мәселе мені қатты ойландырды. Адамдар неге мұндай болып барады? Тарихқа, әдебиетке, мәдениетке деген құрмет ұрпақ санасынан неге ұмыт болып барады?»

Кешегі сәрсенбіде А.Розметов жолы түсіп, редакциямызға келді. Құр қол емес, өзінің кәсіпқой әдетімен көшеде назарын аударған бірер келеңсіз көрі­ністерді фотоға түсіре келіпті. Соның бірі – халқымыздың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының майлы бояумен жасалған портреті. Бүгінде ол қаладағы Ас­қаров көшесінің бас жағында, сондағы көпқабатты үйдің қабырғасына сүйеулі тұр екен.

«Оның осы жерде тұрғанын мен алғаш рет өткен күзде көргенмін, – дейді Әлекең. – Содан бері бірнеше ай өтсе де ол жерде әлі тұр. Оны бұл маңға кімдер қойды, не үшін қойды – белгісіз. Кейінгі кезде бір шетіне шлагбаум орналастырылыпты, екінші жағында асхана пайда болыпты. Сонда осы төңіректе тұратын, жұмыс істейтін, ары-бері өтетін бірде-бір адамның мұны көрмейтін себебі неде? Ол осылай айлап-жылдап тұра бере ме?

Осы мәселе мені қатты ойландырды. Адамдар неге мұндай болып барады? Тарихқа, әдебиетке, мәдениетке деген құрмет ұрпақ санасынан неге ұмыт болып барады?»”, – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары