Той күні белгіленіп, ұзатылғалы отырған бойжеткен басынан өткен сұмдық жайтты жазды. Сұмдығы сол, ол той алдындағы қыздар бас қосуында ішімдікке сылқия тойып, таңертең басқа еркекпен оянған.
«Менің жігітім бар. Жүргенімізге 4 жылдан асты. Ол маған болайық дейтін. Ал мен тойдан кейін ғана деп пәктігімді бермедім. 1 аптадан соң тойымыз. Сұрайын дегенім, девичникте көп ішіп, таңертең біреумен ояндым. Ол сол клубта стриптизер боп жұмыс істейді. Не болғаны есімде жок. Ішкиімсіз жатыр екен. Арақты көтере алмайтын едім.
Жігітіме мойындағаным дұрыс па? Ол мені тастап кетеді деп қорқамын», – деп жазды бойжеткен Instagram-парақшасындағы топтардың біріне.