Алматы тұрғындары қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан фастфуд өнімдерін дайындайтын дәмханаға басып кіріп шу шығарды. Олардың айтуынша, таңға дейін қызмет көрсететін «Batyroff burger» дәмханасы түнімен мазаларын алады екен.
Куәгерлер болса тұрғындардың наразылығын телефон камерасна түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жариялаған.
Бұл оқиға қаланың қай ауданында болғаны белгісіз. Бірақ көпқабатты үйдің астында орналасқан дәмхана сауық кештерін жиі ұйымдастыратын көрінеді. Таңға дейін шулап, тұрғындарға ұйқы бермейді екен. Мекеменің әкімшілігін ұрыстан жеңе алмаған тұрғындар кейін дәмханаға полиция қызметкерлерін әкеліп, өз шағымдарын жеткізеді.