$ 448.15  483.46  4.86

Баянның тағдырын басқаның басына бермесін: Ләйлә Сұлтанқызы белгілі продюсер туралы пікір білдірді

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы танымал продюсер Баян Алагөзованың тағдырына аянышпен қарайды екен. Бұл туралы ол Dalanews.kz порталына берген сұхбатында айтты.

«Адамның сыртынан сөйлеуге болмайды ғой. Іс-әрекетінің дұрыс-бұрыстығын оның өзіне ғана айтқан жөн шығар. Баянды әйел ретінде сыйлаймын. Баянның басынан өткенді ешкімнің басына салмасын», - дейді тележүргізуші.

Оның айтуынша, Баян Алагөзованы жұртқа жағымсыз етіп көрсеткен қазақтілді басылымдары екен. Сондай-ақ, продюсердің ойын құптамауды қазақ аудиториясы қолдан жасаған дегенге әкелді.

«Баян дұрыс дүние айтуы мүмкін, бірақ біз бұрыс қылып көрсетеміз. Баянды жұртқа жеккөрінішті еткен көп жағдайда қазақтілді басылымдар. Баян табиғатында тікмінез. Сәлеміміз түзу. Көп көріскен де емеспіз», - деген Ләйлә Сұлтанқызы Баянды тек қолдайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары