$ 494.87  520.65  4.91

Біреуін кесіп тастады: Жас келіншек бойжеткендерге бала туғаннан кейін ғана төс үлкейтуге кеңес берді

Қазір қыз-келіншектер пластикалық операция қызметін көптеп тұтына бастады. Бетін тарттырады, ернін дүрдитеді, кеудесін үлкейтеді. Осының ішінде ең жиі қолданылатыны — кеудеге жасалатын ота екен.

Кеудесін жасап, опық жеген мына келіншектің хатын өздеріңізге сол күйі ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Әрине, кеудесін үлкейткендердің барлығы осылай зардап шегуде деген сөз емес бұл. Бірақ арасында қателіктерге жол жіберіліп жататын оқиғалар бар. Оған пластикалық клиникамен соттасып жүргендердің жайы дәлел. Алайда олардың көбісі бұл әңгімесін ашық айта бермейді деп жазады 365info.kz

«21 жастамын. Әлі ақыл кірмеген кезім. Әйтеуір пластикалық операция естіп алып, содан есім кетті. Әйтпесе әп-әдемі төсім болған. Көлемі 2-ші размер. Бірақ менің оған көңілім толмады. Ақыры интернеттен бір клиника тауып алдым. Ақшам да тақұл-тұқыл. Арзанын жасаттым.

45-тегі хирург еркек менің таңдауымның дұрыс екенін айтты. Бүкіл анализді тапсырдым. Гармондардың анализі тіпті қымбат екен, не керек, бәрін жасадым. Операцияға түстім. Есімде жоқ қалай болғаны. Есімдегісі, дәу төсімді көріп қатты қуандым. Ол қуанышым бір жылға ғана созылды.

12 айдан соң оң төсім сола бастады. Ауырып ештеме болмады. Содан соң мән бермедім. Сөйтсем жарылып, ішіндегісі ішке аққан ғой. Дәрігерге бардым жүгірдім. Операция жасау керек деді. Сөйтіп екінші рет отаға түстім.

Дәрігер үнемі массаж жасап отыру керек болған, өзің кінәлісің деді. Сөйтіп 3 жылдай жүрдім. Бұл аралықта мен күйеуге тиіп, бала тудым. Еміздім баламды. Ешнәрсе кедергі емес секілді көрінген. Бірақ уақыт өте келе төсімнің асты томпайым, қарая бастады. Хирургке барып едім, тағы силикон ағып жатыр деді. Сүт итерген ғой бәрін. Сөйтіп тағы да наркозға түстім.

Маған имплантантты алмастырып берді. Бірақ ота кезінде менің төсімде ісік барын анықтапты. Оны алып тастады. Құдай сақтағанда, емделетіні екен. Ол орынды да имплантантпен толтыруға тура келіпті. Бұл жолғы басқа дәрігер еді. Ол алдындағы дәрігер фиброздың капсуласын алмаған деді. Әйтеуір жағдайым жақсарғандай болды, төсім жұмсарып қалды.

Алайда бір жылдан соң кенеттен қызуым көтерілді. Кеудем ісіп кеткен, үстінен дақтар пайда болды. Тағы да ота жасады. Имплантант жарылған. Сөйтім мүлде оң төсімді уақытша ала тұру керек болды. Сөйтіп жарты ай бір төспен жүрдім. Операцияға келіскім келмеді. Басқалай бірдеңе қыл дедім. Өйткені мен енді төсім емес, денсаулығыма алаңдай бастадым.

Онсыз да бір төсімнен ұялып, жарты жыл төсекте болмадым. Комплекстер пайда бола бастады. Қорқатын болдым. Ана ісік емделмейтін түрге айналып кетсе не болады деймін.

Әрине, отаға барған дұрыс емес деп айтпаймын. Менің қателігім, оны ерте жасатып қойдым. Қыз күнінде соның керегі жоқ секілді. Ал бала туып, енді бала тумайтыныңды білген кезіңде жасатсаң ол нағыз уақыты секілді. Бұл — біріншіден.

Екіншіден, интернеттен дәрігер таңдамаңыз. Бұл сатып ала салатын, одан керек болмай қалса лақтыра салатын тауар емес. Денсаулығыңызды бәске тігесіз. Сондықтан ең жақсы дәрігерді дұрыстап, көзбе көз көріп, көп уақыт зерттеп барып барған жөн.

Үшіншіден, арзанның сорпасы татымас демекші, арзан нәрседен аулақ болған жөн.

Төртіншіден, қазір силикон деген салмайды, ол ескірген өнім, сондықтан оған жоламауларыңызға кеңес берем».

Жанерке, Алматы қаласы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары