$ 439.43  473.31  4.82

«Нанға ақша таппай жүргенде»: 200 теңгелік купюраларды дәретхана қағазына айналдырған (ВИДЕО)

Қазақстандық пойыздардың бірінде 200 теңгелік купюраларды әжетхана қағазының орнына пайдаланған. Біреудің былғап, артын сүртіп тастаған ақшасын тауып алған ер азамат оларды түк жиіркенбестен тазалап алды. Бұл сәт түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіне жүктелген.

«Биотуалет дегенге шығуға барсам, ішінде ақшамен к..т сүртіп тастаған ғой біреу. Баклажканы әкеп, жуып-жуып қалтаға салып алдым», - дейді қуанған ер азамат.

Желі қолданушылары ұлттық валютаны қорлаған адамға реніштерін білдірді. Біразы «ақшаның киесі атсын» десе, өзгелері «мал болып кеткен қазіргі адамдар» деген сарындағы пікірлерін қалдырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары