Көлік жүргізушісі жолда өзін себепсіз тоқтатқан жол полициясы инспекторын боқтап кетті. Оқиға желісін телефон камерасына түсіріп алған куәгер видеороликті Facebook әлеуметтік желісіне жүктепті.
Видеокадрларда көлік жүргізушісі жол полициясынан өзін неліктен тоқтатқанын сұрағаны анық естіледі. Бірақ жүргізушінің сұрағына жауап беруді жөн санамаған инспектор көліктің жүксалғышын ашуды бұйырып, соңында аузына келген сөзін айта жөнелген.
«Ысқырық бар екен деп, әр нәрсеге қақым бар деудің қажеті жоқ. Сен себепсізден-себепсіз мені тоқтата алмайсың. Кітаптан оқып алғанмын. Қандай жол ережесін бұздым? Қаласаң үстімнен акт та жаз», - деген жүргізуші өзін себепсіз тоқтатқан жол полициясын балағаттап жүріп кетті.
ЕСКЕРТУ: Видеода балағат сөздер айтылады