26.04.2018, 05:58

Қайрат Нұртас отбасымен бірге Ахмет Иасауи кесенесіне зиярат етіп қайтты (ФОТО)

Қайрат отбасымен бірге Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне барып қайтты. Киелі мекен Түркістан қаласындағы суреттерін әншi instagram-парақашсына жүктеген.

Әнші Бабтардың бабы Арыстанбабтың шәкірті болған Иасауидің кесенесіне арнайы барып, Түркістандағы туыстарын да аралады. Солардың ішінде өзін бала күнінде бағып-қаққан нағашы әжесінің батасын алып, қарт кісіге перзенттік алғысын айтып қайтты.

«Нағашы әжелерімен. Қайратым: «Әже, сіз мені 3 айымнан бастап, мама-папаларым студент болғандықтан, Алматыға келіп бағып-қаққаныңыз үшін раxмет! Барған жеріңізде мені сағынып, ұзақ отыра алмай қайтып келеді екенсіз» – деп есіне салып отыр. Анашым, өз шаңырағыңызда, бізді жылы жүзіңізбен қарсы алып, амандығыңызбен қуандыра беріңізші», – деп әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова желіге бірнеше сурет жүктеді.