Күні кеше ғана Qazkom банкінен қазақ тілінде қызмет ала алағаны үшін сотқа берем деген түрік журналисті Оғыз Доған қазақтарды қорғап емес қорлап жүр-міс! Бұл туралы Нағима Барақ есімді Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы жазды. Айтуынша Доған қазақ қыздарының абыройын төгіп, жылатып жүрген көрінеді.
«Жарықтарым-ау, Оғыз Доған дұрыс болса, қарсы пікір айтқанды блоктар ма еді? Оғыз қазақшыл болса, күнде бір қазақ қызын жылатар ма еді? Оғыздан қанша қазақ қызының аяғы ауыр болғанын білесіздер ме? Тіпті бір келіншек сол үшін күйеуінен ажырасқан. Ол қазағым деп отырып, неге қыздардың намысын таптап жүр? Қазақтың намысын қорғаса неге сол қыздардан бастау керек емес пе? Мұның бәрін өсек дегендерге айтарым – заңгерлердің қолында дәлел бар. Бұл шындық! Бұның бәрін ол қазақты кемсіту үшін істеп жүр. Қазақ қорғай алмаған тілді мен қорғадым деп жүр. Сенбесеңіздер отыра беріңдер Оғызға міндетті артып қойып», – деп жазды Нағима Барақ.
Алайда, неге екені белгісіз, араға 1 сағат салып, автор бұл жазбасын өшіріп тастаған. Еске сала кетейік, бұған дейін Оғыз Доған «Эйр Астана» авиакомпаниясымен қазақ тілінде қызмет ала алмағаны үшін соттасып, ақыр соңында жеңіп шыққан. Сот шешімі бойынша қарсы тарап Доғанға 1 теңге өтеді.