$ 494.87  520.65  4.91

«Мамаңа айтсаң бұдан да жаман болады»: ОҚО-да сынып жетекшісі оқушылар төбелесін жылы жаппақ болған

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде мектеп оқушысын қысқа көйлек киіп келгені үшін сыныптастары сабап тастаған. Алайда, олардың ешбірі әлі жауапқа тартылмады деп жазады Nur.kz.

Жәбірленген қыздың анасы айтқандай, жеткіншек жаңа мектепке ауысқаннан кейін сыныптастарымен тіл табыса алмапты. Соңында оны оқушылар өлімші етіп сабап тастаған.

«Қызымды жабылып ұрып кеткен. Мұғалім оны есінен танып жатқан жерінен тауып алыпты. Оқушылардан кім істегенін сұраса, барлығы білмейміз деп жауап берген. Содан қызым сынып жетекшісіне не болғанын айтыпты. Бірақ ұстазы "егер сен мамаңа айтсаң, бұдан да жаман болуы мүмкін" деп қорқытыпты», – дейді таяқ жеген қыздың анасы.

Осылайша оқушы қыз өзін сабап кеткені туралы ешкімге тіс жармапты. Дегенмен, кейінірек психологпен болған әңгіме барысында жеткіншек оған бар шындықты айтып береді. Артынша мұны анасы да естиді. Бірден мектепке барып, мұңалімдерден түсіндірулерін талап еткен. Бірақ басшылық қыздың өзін кінәлі етіп, мектепке қысқа киім киіп келгенін алға тартыпты. Жәбірленген оқушының анасы болса мектептегілер істі жылы жауып тастағысы кеп отыр дейді.

Ақпараттық портал тілшілері оқиғаның қай ауданда және қай ауылда болғанын көрсетпеген. Қазіргі сол аты аталмаған ауылдың әкімі осы істі қолға алу үшін арнайы комиссия құрыпты. Егер мұғалім мен басшылықтың кінәлі екені анықталса, оларға тиісті шара қолданамыз деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары