$ 447.4  477.55  4.76

ШҚО-да екі еркек жасөспірім қызға ішімдік беріп, зорлап кеткен

 

ШҚО-да полиция 12 жасар қыздың зорлануына қатысты оқиғаны тергеуге алды. Екі бірдей ересек азамат жасөспірімге ішімдік беріп, зорлап кеткен. Оқушы қыз ауруханаға жеткізілген кезде мас күйде болған деп жазады Stan.kz.

Оқиға ШҚО-ға қарасты Көкпекті ауданында болған. Устинка LIVE порталының хабарлауынша, оқушы қыз бірнеше күн ауруханада жатқан.

Ол екі ересек адамның өзін зорлағанын айтқан. Полицейлердің айтуынша, күдіктілер – жергілікті 52 және 34 жастағы тұрғындар. Екеуі де қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Бұдан өзге ақпарат құпияда қалдырылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары