28.04.2018, 05:19

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Мереке күндері республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, жел соғады, ауа температурасы төмендейді.

Сәуір айының соңғы күндерінде атмосфералық ағымдардың әсерінен кей жерлерде, әсіресе Қазақстанның солтүстігі мен шығыс облыстарында жаңбыр жауады.

"Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталық аудандарда өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен орталықтың кей жерлерінде ауа температурасы 22…33 градусқа дейін жоғарылайды", — делінген хабарламада.

Ал 1-2 мамыр күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың әсерінен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Ауа температурасы төмендейді деп болжануда.

Дереккөз: Sputniknews.kz