Димаш Құдайберген туған қарындасы Раушанмен бірге өнер көрсетпек. Желіге олардың концерт алды дайындықтарынан үзінді жарияланды.
Кеш 28 сәуір күні өтеді. Шара Қазақстан халықтары ассамблеясына арнап ұйымдастырылған. Ағалы-қарындасты екеу «Дудар-ай» халық әнін көпшілікк ұсынатын болады.