$ 494.87  520.65  4.91

Екінші қызымен бірге ән салған Қайрат Нұртасқа жұрт аямай қол соқты (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас караокеде екінші қызы Алаумен ән айтты. Бұны көрген көпшілік әншінің әкелік махаббатына риза болып, қол соқты.

Әкесі мен қызы эстрада жұлдызы Айгерім Қалаубаеваның орындап жүрген «Ертегілер» әнін шырқады. Көпшілік Қайраттың керемет әке, қарапайым өнер иесі екенін жазып, қошеметтерін білдірді.

Видеоны өз Instagram-парақшасына бөліскен Жұлдыз Әбдікәрімова балалары үшін әкенін орны бір бөлек екенін атап өтті.

«Әке бала үшін тірек, мақтаныш, идеал. Әсіресе, қыз бала жақын әрі жанашыр болып келеді әкесіне. Болашақ жарының бойынан әкесінің қасиетін іздеуі де әбден мүмкін. Отбасында әкенің тәрбиесі, көңілі, маxаббаты бөлек. 

Менің бірнеше жерге апарғанымнан, әкесінің бір жерге апарғаны балалардың есінде, көңілінде, жүрегінде мәңгі сақталады. Сіздерде де солай ма?», – деп сұрады әнші жанкүйерлерінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары