$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда оқушылар 2 минутта құймақ әзірлеп беретін робот ойлап тапты

Павлодар қаласында № 11 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары робот құрастырып шығарды. 5-сынып оқушылары Артем Малых және Айпара Сыздықова құрастырған робот таңғы асқа екі минутта құймақ пісіріп береді дейді Pavlodarnews.kz.

Назарбаев зияткерлік мектебінде робот техникасы бойынша халықаралық байқауға іріктеу барысында оқушылар өздерінің жобасын таныстырды.

«Мектепте сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылардың 90 пайызы таңғы ас ішіп үлгермейтіні анықтадық. Оқушылардың кейбірі суық бутерброд жей салады екен. Осы себепті бұл робот оқушы жуынып, жаттығу жасағанға дейін құймақ жасап қояды. Ол 2 минуттың ішінде құймақтың екі жағын аударып, қуырып бере алады. Бұл үшін тек адам қамырды ыдысқа құйып қойса болғаны. Басқасын машина өзі атқарады. Аталған роботтарды жинастыру үшін үш апта қажет болды», – дейді Айпара Сыздықова.

Ал Назарбаев зияткерлік мектебі информатика және робот техникасы пәнінің ұстазы Қуаныш Мағауин байқау тақырыптары жыл сайын ауысып отыратынын айтты. Мысалы, былтыр «Жасыл энергия» атауымен өткен шара аясында табиғатты қорғауға көмектесу мақсатында арнайы роботтар құрастырылған. Олар қалдықтарды сұрыптап, контейнерге жеткізеді. Биыл таңдалған тақырып – «Азық-түлік». Себебі, байқаудың халықаралық кезеңі Тайландта өтеді. Онда тамақтану өзекті мәселеге айналған.

«Байқауға 8-18 жас аралығындағы 200-ден астам оқушы қатысты. Шара барысында құймақ жасайтын робот, топырақтың құнарлығын зерттейтін және көшеттерді отырғызып, суаратын роботтар айрықша көзге түсті» , – дейді Қуаныш Мағауин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары