1 мамыр Қазақстанның бірлігі күніне орай Айқын Төлепберген Алматыдағы Республика сарайында концерт өткізді. Шығармашылық кешке әншінің елден жасырып жүрген сүйіктісі Жұлдыз Өмірғали де келді.
«КешYou» тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғали басын бүркеп, ешкім танымасын дегендей көзілдірік таққан. Бірақ жұрт білсе білсін деді ме екен, кеште түскен суретін ол өзінің Instagram-парақшасына жүктеп қойды.
Еске сала кетейік, осыдан 2-3 ай бұрын Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали ұлдарымен шетелде демалып жүрген жерлерінен ұсталып қалған.