Бүркіт өзінің жиен қарындасын жан досы Қанат Сыбановқа бергісі келетінін жасырмайды. Ол қарындасына адал жар және әйел бақытын тілейтінін айтады.
Белгілі болғандай, Қанат бойдақ. Бірақ қалыңдық іздеуге уақыты жоқ. Қанат Бүркітпен өте тығыз байланыста және оның жиен қарындасы Әсел Асқармен де араласып тұрады.
Өткен демалыста олар күйеужігіт пен қалыңдық болып суретке түскен. Әсел 500 мың теңге тұратын қалыңдық көйлегін киген.
Түсірілім алаңына журналистердің келуі Қанат пен Әсел үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ олар жақында бәрі белгілі болады деп ашығын айтпады. Мүмкін жақында Бүркіттің ойлаған арманы орындалытын шығар.
Фотосессия Медеуге жақын орналасқан мейрамханалардың бірінде түсірілді. Әртістер тауға жақын жерді арнайы таңдаған сыңайлы.
Дереккөз: 365info.kz