$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да ауыл тұрғындары бұзақыға өздері үкім кесіп, өлтіріп тастаған

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында ауылдың үш тұрғыны тұрғындардың мазасын алған азаматты полицияға ұстап берудің орнына өздері өлтіріп тастаған. Олардың үстінен жүргізілген қылмыстық іс қазір сотқа жолданды деп хабарлайды Otyrar.kz.

30 жастағы жәбірленуші бұған дейін бірнеше рет қылмыс жасап, жазасын өтеп келген екен. Соңғы рет жарты жыл бұрын түрмеден босап шыққан. Ауылға келе сала тұрғындардың мазасын алып, күші жеткендерге әлемжеттік көрсетумен айналысыпты. Тіпті, травматикалық қарумен де атқан кездері болған.

Шыдамы таусылған тұрғындар полицияға арызданудың орнына бұзақыны өздері сабасына түсірмек болыпты. Травматикалық және аңшы қаруымен жарақтанған үш жігіт 1 қаңтар күні жәбірленушіні ұстап алып, оны аяусыз соққыға жыққан. Марқұм сол жерде көз жұмыпты. Ал, үш жігіт болса полицияға өздері барып берілген.

Қазіргі таңда күдіктілер тергеліп бітті. Енді олар сот үкімін күтетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары