$ 498.34  519.72  4.85

Жеңіл жүрісті анамның қылығына төзе алар емеспін

Сіздерден ақыл-кеңес сұраймын, тек жазғырмасаңыздар екен. Менің жасым 21-де. Анам екеуміз тұрамыз. Анам 43 жаста. Әкем жоқ, оны туғаннан көрмегенмін. Сондықтан да кімнен ақыл сұрарымды білмеймін. Бұрын басқа қалада оқу оқып жүргендіктен, анам екеуміз екі бөлек тұрғанбыз. Қазір міне бірге тұрып жатқанымызға 1 жыл болады анаммен мүлде түсініспейміз.

Бар мәселе оның жүретін бір адамы бар, сондай өте нашар адам. Соны біліп қойғанымнан бастап сол үшін көп ұрысып-қырыламыз. Негізі түсінемін ол мені бағып-қақты, өмір сыйлады дегенмен тұрмысқа шық десем шықпайды. Басқа адамдар бар тұрмысқа шығуға болатындай, бірақ оларды менсінбейді. Осы бір адам маған мүлдем ұнамайды, оны жақсы танимын соншалықты нашар адам. Сол адаммен бірге болып кейде ішіп келіп мені ұрып-соғып тіпті үйден қуып шығатынды шығарды. Сонда сол адамды менен артық көретіні ме?! Мен өзім жақсы жұмыс істеймін, дипломым да бар. Жалақымның барлығын анама беремін, тіпті оған жұмыс істетпеймін. 1 ай жалақымды бермесем үйде міндетті түрде шу болады. Ай сайын төлейтін кредит бар еді соны да өзім төлеймін. Өз ақшамды өзім көре алмаймын. Не істесем де өзінікін дұрыс санайды. Жас қыздар сияқты жүре бергісі келеді. оның өмірге көзқарасы сәл дұрыс емес сияқты. Енді осы жазда басқа қалаға жұмысқа кетіп қалсам ба деп ойлап жүрмін. Мен оның осы қылықтарына шыдай алмаймын. Бірақ оған анам болған соң аяушылықпен қарап тастап кете алмаймын. Тұрмысқа шығып кетейін десем жігітім де жоқ. Шаршап кеттім, өзімді жалғыз сезінемін. 

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары