$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеуде университеттің 4-ші қабатынан құлаған қазақ қызы қайтыс болды

МГИМО терезесінен құлап кеткен қазақстандық студент Томирис Байсафа Мәскеу ауруханасында қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz. Биыл сәуірде қыз бала МГИМО аудиториясындағы терезеден құлап кеткен еді.

Томирис 3 сәуірге қараған түні сағат 04:00-де қайтыс болған. Бұл ақпаратты Склифосовский ғылыми зерттеу орталығының өкілдері растап отыр.

Сәуірде тергеушілер студент қыздың МГИМО ғимаратының терезесінен құлап кеткеннен кейін, іс қозғаған. Тергеу мәліметінше, қыз бала 1997 жылғы. Құлағаннан кейін оны дереу ауруханаға жеткізген. 

Бұл оқиға 13 сәуірде болған. 21 жастағы Томирис Байсафа МГИМО төртінші курс студенті. Ол үзіліс кезінде төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Оның көптеген жері сынған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары