Краснодар тұрғыны мысығын ауру жұқтырғаны үшін аямай ұрып, өлтіріп тастады деп жазады Life.ru.
Видеода шамамен 50 жастағы ер адам мысықтың жанұшыра бақырғанына қарамай, бар күшімен ұрып жатады. Қолы үй жануарының қанына малынған тұрғын оны өлтірмейінше тыным таппайтынын айтады. Тіпті, анасы да ұлының бұл әрекетінің дұрыс екенін түсіндіуге тырсады.
Осы сәтті кадрға түсіріп тұрған бойжеткен ер адамға қылмысы үшін жауапқа тартылатынын ескертеді.
Куәгер полиция шақырып келем дегенше көршісі мысықты өлтіріп, басқа жерге апарып тастағанын айтады.