04.05.2018, 04:50

«Қалай өмір сүруді өзім білемін»: әнші Лидоға ақыл айтпаңдар!

Қазақстандық әнші Лидо өзіне ақыл айтатын желі қолданушыларына жауап берді. Өзінің Instagram парақшасында жартылай жалаңаш суреттерімен жиі бөлісетін оған оқырмандары жиі сын айтатын көрінеді.

«Шетелге демалысқа шыққан сайын куапальниктегі суреттеріммен бөлісіп отырамын. Бірақ ақыл айтқыш қыздар мен тәтелердің жазған кеңестерінен жалықтым. Достар, "жасыңызға сай киініңіз", "сіз еркек сияқтысыз, шашыңызды өсірсеңізші, еркектер жақсы көрмейді сізді" деген пікірлерді мен сын деп қабылдамаймын. Сіздер мұнымен өз бойларыңыздағы кемшіліктеріңізді, өмір сүру салттарыңызды көрсетесіздер. Сөйтіп менің де солай өмір сүргенімді қалайсыздар. Бірақ мен қалай өмір сүруді өзім білемін. Күеуім, балаларым, ата-анам мені жақсы көреді. Олар мені қалай бармын, солай қабылдайды», - деп жазды әнші.

Сондай-ақ, Лидо өзіне ешкімнің ақылы керек емес екенін жеткізді. Шетелге жиі демалуға баратын Лидо қазір отбасымен бірге Түркия теңізінде жүр.